CaspianLife, 31 қаңтар. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Антикор) ресми өкілі мәлімдеді.
Антикордың ресми өкілі Данияр Бегайдаровтың айтуынша, Атырау қаласының №2 соты білім бөлімінің сектор меңгерушісі С. және басқа да тұлғаларға қатысты сот үкімін жариялады.
Ол жергілікті мектептердің бірінің уақытша директорын (К.) араға салып, үш мұғалімнен «сарапшы» санатын бекіту үшін жалпы сомасы 150 мың теңге пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сотталғандарға 1,4 млн теңгеден 4,5 млн теңгеге дейінгі көлемде айыппұл салынды.
Сонымен қатар, олар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
«Сот үкімдері заңды күшіне енген жоқ. ҚР Қылмыстық кодексінің 41-бабына сәйкес, белгіленген мерзімде айыппұл төленбеген жағдайда, жаза бас бостандығынан айыруға ауыстырылады», – деп түсіндірді Антикордың ресми өкілі.
Дереккөз: www.caspianlife.kz
Көрнекі сурет: CaspianLife редакциясының мұрағатынан