CaspianLife, 31 қаңтар. Өңірлердің көлік қолжетімділігін арттыру, Қазақстан қалалары арасындағы әуе қатынасын жақсарту және жолаушылар сұранысын қанағаттандыру мақсатында 2025 жылға арналған әлеуметтік маңызы бар әуе тасымалдарын жүзеге асыратын авиакомпанияларды анықтау бойынша конкурстық рәсімдер аяқталды.
ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, субсидияланған бағыттар ел тұрғындарына қолжетімді бағамен саяхаттауға мүмкіндік беріп, ішкі әуе нарығын дамытуға ықпал етеді.
Аталған әуе бағыттарына билеттерді әуе компанияларының ресми сайттарынан сатып алуға болады.
Мысалы, SCAT әуе компаниясы Тараз – Атырау – Тараз бағыты бойынша рейстерді орындайды. Бір бағыттағы билет бағасы – 28 мың теңге.