Caspianlife, 20 қаңтар. Қазақстан азаматтарының зейнетақысы үш бөліктен құралады: базалық, ынтымақты және жинақтаушы.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің түсіндіруінше, базалық зейнетақы зейнет жасына жеткен барлық Қазақстан Республикасы азаматтарына тағайындалады. Ынтымақты зейнетақы 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін кемінде 6 (алты) ай еңбек өтілі бар азаматтарға төленеді. Ал жинақтаушы бөлік жеке зейнетақы жинақтары есебінен толықтырылады.
Жалпы зейнетақы төлемдерінің мөлшері неге байланысты екенін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі әзірлеген «Маңызды білу» айдарының кезекті шығарылымынан біле аласыздар.