CaspianLife, 16 қаңтар. Қадағалау органы қызметкерлері су тарифін бекіту кезінде заңнама талаптарының сақталмағанын анықтады.
Маңғыстау облысы прокуратурасының мәліметінше, әсіресе ауыл тұрғындары үшін жергілікті бюджеттен субсидияланатын судың бағасы негізсіз 70 теңгеден 120 теңгеге дейін көтерілген.
«Осыған байланысты облыс прокуратурасы наразылық актісін енгізді. Қарау нәтижесінде мәслихаттың шешімі жойылып, жаңа шешім қабылданды. Бұл шешім бойынша судың бағасы 120 теңгеден 70 теңгеге дейін төмендетілді. Осылайша ауылдық елді мекендердегі 73 мың абоненттің құқықтары қорғалды», – делінген прокуратураның хабарламасында.