CaspianLife, 14 қаңтар. Энергетика министрлігі, Солтүстік Каспий және Қарашығанақ жобалары бойынша Өнімді бөлу туралы келісімдер шеңберінде уәкілетті органмен бірлесіп, операторлардың жүзеге асыратын жобаларында тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бойынша ішкі елдік құндылық үлесін арттыру бойынша жұмыс жүргізуде.
Қазақстан Республикасының энергетика министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл жұмыс ішкі елдік құндылықты одан әрі дамыту және ірі мұнай-газ жобаларында отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында жүргізілуде.
«Қашаған жобасының реттелетін сатып алуларында қазақстандық тауар өндірушілерді тарту үшін маңызды қадам Солтүстік Каспий бойынша Өнімді бөлу туралы келісімдерге 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілген өзгерістер мен толықтырулар болды», — делінген хабарламада.
Аталған өзгерістер мен толықтырулар келесі мүмкіндіктерді қарастырады:
— Оператордың қажеттіліктеріне сәйкес тауарларды тек бір ғана жергілікті өндірушіден сатып алу,
— Жергілікті өндірушілер арасында тендер өткізу,
— Жергілікті өндірушілер үшін шартты жеңілдіктерді арттыру,
— Инвестициялар/ұзақ мерзімді келісімшарттармен алмастыру арқылы келісімшарттар жасау