Caspianlife, 8 қаңтар. Қазақстан халқына арналған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында Мемлекет басшысы берген тапсырманы орындау аясында, биыл азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын кезең-кезеңімен орта есеппен 20%-ға көтеру жалғасты.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жалақыны көтеру бухгалтерлер, экономистер, заңгерлер, архивариустар, кітапханашылар, музей қызметкерлері, орманшылар, техникалық персонал және басқа да мамандықтар бойынша жұмыс істейтін шамамен 600 мың азаматтық қызметшіні қамтиды.
«Осылайша, 2022 жылдан 2025 жылға дейін азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы екі есе өседі», – делінген хабарламада.