CaspianLife, 25 желтоқсан. Ақтау маңындағы жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған жерден облыстың медициналық мекемелеріне 29 зардап шегуші жеткізілді. Оның ішінде Маңғыстау облыстық ауруханасына 27 зардап шегуші жеткізілді, қабылдау бөлімі деңгейінде сұрыптау жүргізіледі.
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Жеткізілген жағдайы ауыр 27 адамның 11-і реанимацияға жатқызылады. Облыстық балалар ауруханасына 11 және 16 жастағы 2 бала келіп түсті, операцияға дайындалуда. Жеткізілген 27 адамның жағдайы ауыр 10 адамы реанимацияға жатқызылады. Облыстық балалар ауруханаға 2 бала түсті.