CaspianLife, 24 желтоқсан. Telegram-арнасының «112 KZ» мәліметінше, 2019 жылы туған кішкентай бала басын орындықтың арқалығына қыстырып алған.
«Ата-анасы баланың басын шығара алмай, құтқару қызметіне 112 нөмірі арқылы хабарласқан. Құтқарушылар шұғыл түрде оқиға орнына барып, «Holmatro» құралының көмегімен баланың басын аман-есен босатты», – делінген хабарламада.
(Сурет: «112 KZ» Telegram арнасы)