Caspianlife, 23 желтоқсан. Облыс әкімінің өкімімен Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып бұған дейін Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы қызметін атқарған Полымбет Хасанов тағайындалды.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Полымбет Хасанов 1980 жылы Индер ауданында дүниеге келген. Қазіргі заманғы гуманитарлық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің экономика және бизнес-талдау магистрі дәрежесіне ие.
2002-2005 жылдар аралығында облыстық Ішкі істер департаменті жүйесінде жұмыс істеген.
2005-2006 жылдар аралығында Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінде бас маман;
2006-2010 жылдар аралығында облыс әкімі аппаратында бас маман, облыс әкімінің бас инспекторы;
2010-2014 жылдар аралығында Мақат ауданы әкімдігінде аудан әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімінің орынбасары лауазымдарында болған.
2014 жылы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары;
2014-2019 жылдар аралығында Атырау қаласы әкімі аппаратының басшысы, кейіннен Атырау қаласы әкімінің орынбасары;
2019 — 2021 жылдар аралығында облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары;
2021 — 2023 жылдар аралығында Исатай ауданы әкімі;
2023 жылдан тағайындалғанға дейін облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы қызметін атқарды.