CaspianLife, 22 желтоқсан. Облыстық балалар ауруханасының травматология бөліміне бес жасар ұл баланың ата-анасы көмек сұрап жүгінген. Бала саусағын темір шайбаға тығып алып, оны шығара алмаған. Дәрігерлер құтқарушылардың көмегіне жүгінген.
112 Telegram-арнасының хабарлауынша, ТЖМ қызметкерлері авариялық-құтқару құралдарының көмегімен шайбаны мұқият кесіп алып тастаған. Баланың саусағын босату үшін бірнеше минут қана қажет болған. Құтқару операциясы сәтті аяқталды, бала тек шошып қалған, медициналық көмек қажет болмаған.
«ТЖМ ата-аналарды мұқият болуға, балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады. Күтпеген жағдайлар болған жағдайда, құтқару қызметінің бірыңғай 112 нөміріне қоңырау шалыңыз», – делінген хабарламада.