CaspianLife, 31 қазан. «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов Ресейдің «Татнефть» ЖАҚ бас директоры Наил Магановпен кездесу өткізді.
«ҚазМұнайГаз» (ҚМГ) ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, кездесуде Қаратон Подсолевой учаскесінде тереңдігі 5 500 метр болатын алғашқы іздеу ұңғымасын бұрғылауға дайындық жұмыстарының барысы талқыланды. Қазіргі уақытта учаскеде бұрғылау жабдықтарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Бұрғылау жұмыстары 2024 жылдың қарашасына жоспарланған.
«Қаратон Подсолевой учаскесі Атырау және Маңғыстау облыстарында «Ембімұнайгаз» АҚ-ның жұмыс істеп тұрған кен орындарының жанында орналасқан», — деп нақтылайды ҚМГ баспасөз қызметі жариялаған ақпаратта.
Сонымен қатар тараптар мұнай-газ химиясы саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. 2024 жылғы 21 ақпанда Қазан қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен «Татнефть» ЖАҚ «Қаратон Подсолевой» жобасы бойынша сатып алу-сату шартына, акционерлер келісіміне және қаржыландыру туралы келісімге қол қойғаны еске салынды.
(Сурет редакция архивінен)