Осыдан екі ай бұрын итті қылқындырған атыраулық тұрғынға қатысты дау тағы да қыза түсті. Болған жағдайдан кейін бейнежазба арқылы кешірім сұраған жігіттің үстінен қылмыстық іс қозғалған болатын.
Дегенмен әлеуметтік желіде қылмыстық істің жылы жабылғандығы туралы ақпарат тарауда. Жануарлардың тағдырына бейқам қарамайтын жандар қалалық прокуратураға шағымданып, иттен басталған «әңгімені» қайта қозғауды сұрапты. Нәтижесінде, қылмыстық істі тоқтату туралы шешім күшін жойды.
– Атырау қалалық прокуратурасымен сотқа дейінгі тергеу органының істі қысқарту туралы шешімінің күші жойылып, қазіргі кезде қалалық полиция басқармасында қосымша тергеу жүргізіліп жатыр, – деді Атырау облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира Мұхтарова.