ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен COVID-19 мәселелері жөніндегі жедел штабтың отырысында мемлекеттік органдардың коронавируспен күресуде атқарып жатқан жұмыстарының есебі тыңдалды.
Денсаулық сақтау министрлігі екі апта ішінде жедел шараларды қабылдау арқасында бірқатар оң нәтижелерге қол жеткізгенін мәлімдеді:
– COVID-19 жұқтырудың тәуліктік өсімі 4%-дан 2,3-ке дейін төмендеді;
– сауығып кеткендердің саны 60%-ға артты;
– жедел жәрдемді шақырулар саны 31%-ға, оның ішінде COVID бойынша шақырулар 19%-ға қысқарды;
– реанимациялық төсек-орын саны 12%-ға, стационарлардағы төсек-орын 81%-дан 56%-ға дейін төмендеді;
Сонымен қатар, жедел штаб Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының әкімдіктерінің жұмысына көңіл толмайтынын атап өтті. Денсаулық сақтау министрлігінің COVID-19-бен күрес бойынша өңірлер рейтингісінде осы облыстарда ең төмен көрсеткіштер тіркелген.
Сондай-ақ, Премьер-Министрдің орынбасары Солтүстік Қазақстан әкімдігіне қолданыстағы төсек-орын қорының жүктемесін азайту бойынша жедел шараларды қабылдауды тапсырды.
Ішкі істер министрлігі 5-шілдеден бері карантин режимінің 4,3 мың рет бұзылғанын баяндады. Бұл ретте Павлодар, Қызылорда, Қостанай, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында осындай тәртіпсіздікті анықтау бойынша жұмыстың жеткіліксіздігі екені айтылды.
Жиын қорытындысында Ералы Тоғжанов пандемия кезінде азаматтардың өзін-өзі ұстау ережелерін әзірлеуді, өңірлерде карантин режимін бұзуға қатысты күнделікті рейдтер жүргізуді және басқа да шұғыл тапсырмаларды жүктеді.