CaspianLife, 28 тамыз. Өңірлік комиссия тасқын судан бүлінген 300 бизнес-нысанды анықтаған. Енді олардың шығыны жыл соңына дейін толық өтеледі, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
«Осыған дейін 288 өтініш қабылданды, қалған 42 кәсіпкердің өтініші ҚР Ұлттық Экономика министрлігінің бұйрығына сәйкес 10 желтоқсанға дейін қаралады. Шығындарды анықтау барысында 13 бағалау компаниясы жұмыс істеп, барлығы 58 маман жұмылдырылды. Кәсіп иелері төленген өтемақыға риза, шағымдар жоқ, — деді облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім басшысы Сәттіғұл Сабыров.