CaspianLife, 2 тамыз. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) Шекара қызметі мемлекеттік шекара арқылы есірткінің рекордтық партиясын алып өтудің жолын кесті.
ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі ай бұрын, 31 мамырда Түркістан облысындағы Б. Қонысбаев атындағы өткізу пунктінде шекарашылар қызметтік итті пайдаланып, ауыр жүк көлігінен аяқ киім креміне арналған ыдыстарға жасырылған күдікті заттарды тапқан және тәркілеген. Сараптама көрсеткендей, заттар құрамында героин бар, оның жалпы салмағы 775 кг-ды құрады. Қара нарықта табылған есірткінің құны 15 миллион доллардан асуы мүмкін. Осы қылмысты жасады деген күдікпен екі шетел азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.