CaspianLife, 4 шілде — Қазақстанның Елтаңбасы өзгермейтін болды. Мәдениет және ақпарат министрлігі жақын арада Елтаңбаны ауыстыру мәселесі қаралмайтынын хабарлады.
«Мәселе күн тәртібінен шығарылды», — деп мәлімдеді министрлік өздерінің Елтаңбаның өзгеруін талқылау процесі туралы ресми өтінішіне берген жауабында.
Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Елтаңбаға қатысты сындар айтылып жатқанын мәлімдеген болатын.
«Елтаңбамызға қатысты сыни пікірлер айтылып қалады. Оны Кеңес заманындағы Гербке ұқсатып жатады. Тым эклектикалық, күрделі дейді. Мұндай ойды ел ісіне бей-жай қарамайтын белсенді азаматтар ғана емес, мамандар да айтып жүр. Орынды пайымдар ескерусіз қалмауы керек», — деген Мемлекет басшысы сол кезде.