CaspianLife, 18 маусым — Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі Ақтауда бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Полиция кәмелетке толмағандардың жеке басы анықталғанын, олардың барлығы полиция бөліміне жеткізілгенін хабарлады.
-Кінәлілер, сондай — ақ олардың ата-аналары міндетті түрде жауапқа тартылады, — деп хабарлады ведомстводан.
Естеріңізге сала кетейік, желіде жасөспірімді құрдастары аяусыз ұрып-соққаны түсіп қалған видео тарады. Видеода жәбірленушіні жасөспірімдердің бірі жүгіріп барып ұрып жатқанын, содан кейін тағы 3 жасөспірім қосылып, жерде жатқан жәбірленушіні тепкінін астына алғанын көруге болады.