CaspianLife, 17 маусым — Орал қаласындағы мал соятын жерде газ баллоны жарылғаннан кейін төрт адам жансақтау бөліміне түскен.
Төтенше жағдай «Ел Ырысы» базарында 16 маусым күні құрбандық шалу кезінде болған. Ауруханаға 10 адам жеткізілді, олардың ішінде кәмелетке толмаған екі бала да бар.
Денсаулық сақтау басқармасы таратқан мәліметке сәйкес, қазіргі кезде 3 ересек адам жансақтау және 3 адам жарақат бөлімшесінде жатыр. Бұдан бөлек, екі жасөспірім көпбейінді облыстық балалар ауруханасында, біреуі жансақтау, екіншісі жарақат бөліміне жатқызылды.
Дәрігерлер консилиум өткізді. Сондай-ақ, Астана және Алматының апаттар медицинасы орталығы реаниматологтарымен және комбустиологтарымен бірлесіп телемедицина жүргізіліп, емдеу тактикасы келісілді.