CaspianLife, 5 маусым — Бұл туралы Жылыой аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлжансара Таңатарова хабарлады.
«Жылыой ауданы бойынша 20 жалпы білім беру мектебі бар. Биыл 684 түлек он бірінші сыныпты аяқтап отыр. Оның ішінде, 617 түлек ҰБТ-ға қатысуға өтінім берді. Түлектер қазіргі уақытта мемлекеттік емтихандар тапсыруда. Бір түлек денсаулығына байланысты, Атырау облыстық білім беру басқармасының бұйрығымен мемлекеттік емтиханнан босатылды» деді спикер.
Сондай ақ, Жылыой ауданы бойынша 9 сыныпты аяқтап отырған оқушылардың 30 пайызы оқуын колледждерде жалғастыруға ниет білдірген.
«Биыл Жылыой ауданы бойынша 1606 оқушы 9 сыныпты бітіреді. Қазіргі уақытта оқушылар мемлекеттік емтихан тапсыруда» деді Жылыой аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлжансара Таңатарова.