Астанада 7-9 қараша күндері «Маңғыстаудан мың сәлем, Алаш төрі» атты Маңғыстау облысының мәдени күндері өтеді. Елорда төрінде маңғаз мекеннің мәдени жауһарлары жұртшылық назарына ұсынылады. Үш күн бойы өлке өнерпаздары өнер көрсетеді.
Мәдени-рухани іс-шаралар аясында астаналықтарға арнап театр қойылымдары сахналанып, Маңғыстаудың мақамды жыр-дастаны, өңір өнімдерінің көрме-жәрмеңкесі, сондай-ақ әдеби-сазды кештер мен салтанатты жиындар ұйымдастырылады.
«Мәдениет – дүниенің қан тамыры. Руханиятсыз адам баласы өмір сүре алмайды, қоғам болмайды. Маңғыстаудың мәдени күндері біраздан бері Сарыарқа төрінде өтпеген еді. Бұл рухани тамырымызға жан бітіретін іс-шара болатын шығар деп ойлаймыз. Оның ішінде «Маһамы мүшһүр Маңғыстау» деген керемет жоба бар. Бірінші рет үлкен сахнада орындалады», — деді ақын Светқали Нұржан.
«Маңғыстаудан мың сәлем, Алаш төрі!» Маңғыстау облысының Астана қаласында өтетін күндерінің бағдарламасы бойынша 7-8 қарашада сағат қуыршақ театрының балаларға арналған қойылымдары, «Құбылу» спектаклі сахналанады. «Мақамы мәшһүр Маңғыстау» күй кеші өтеді. Маңғыстау өнімдерінің көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылады. «Маңғыстау – ұлттық құндылықтар құндақталған мекен» рухани іс-шарасы өтеді.