Caspian Life, 28 қазан. 27 қазан күні Атырауда «Magauiya open cup» атауымен дзюдодан Республикалық турнир өткен болатын. Сол турнирде кішкентай «бапкер» баланың спортшыны жаттықтырып, қолдау білдіріп жатқан видеосы таралды.
Аталған видеода Атырау қаласындағы «Жауынгер» дзюдо клубының тәрбиеленушілері Төрехан Абдурахман және Нұғман Санжар есімді жас дзюдошылар.
Қос спортшының жаттықтырушысы, дзюдо спортының шебері — Абылайхан Сайханов. Ол — шәкірттерін тек жаттықтырып қана қоймай, спортта бір-біріне қолдау көрсетіп, патриоттық тәрбиені бойларына қатар сіңіргенді дұрыс санайды.