CaspianLife, 4 қазан — 2023 жылдың алғашқы 6 айында қазақстандық мұнай экспортының 96,4 пайызы ресейлік бағыттар арқылы өткен, деп хабарлайды CaspianLife.
Жарты жылда Ресейден тыс жерлерге, яғни, Баку-Тбилиси-Джейхан және Баку мұнай құбыры арқылы – 660 мың тонна, Қазақстан-Қытай мұнай құбыры арқылы – 621 мың тонна мұнай тасымалданды.
Осы уақыт аралығында «Дружба» мұнай құбыры арқылы Германияға 290 мың тонна мұнай экспортталған.