CaspianLife, 13 қыркүйек — Атырау қаласының прокуратурасы Білім бөлімінің лауазымды тұлғалары жетім балалардың мүліктік құқығына бейжай қарағанын анықтады, деп хабарлайды CaspianLife.
Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету прокурорлық қадағалаудың басты бағыттарының бірі.
«ҚР бала құқықтары туралы» Заңға сәйкес жергілікті органдар жетім балаларға мұраға қалған үйдің сақталуын бақылауы тиіс.
Дегенмен, 5 жетім баланың мұраға қалған мүлкіне үшінші тұлғаларға сатуға заңды тұрғыда шектеу қойылмаған, мұрагерлік ашылмаған. Салдарынан балалар мүліктен айырылып қалуы мүмкін.
Прокурорлық қадағалау шаралары нәтижесінде мұрагерлік ашылып, тиісті шектеулер қойылды. Қалалық білім бөлімі мамандары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.