CaspianLife, 31 тамыз — Жетісу облысында медициналық қызмет көрсету ұйымдарына лицензия беру үшін пара алған шенеунік ұсталды, деп хабарлайды Caspian Life.
Аймақтық сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің қызметкерлері осындай күдікпен Жетісу облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментінің басшысын қолға түсірді.
Қазіргі таңда осы іс бойынга сотқа дейінгі тергеу жүруде.