CaspianLife, 26 тамыз — Атырау облысы әкімінің орынбасары Caspian News арнасына берген сұхбатында осы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Caspian Life.
Ол қоғамда қалыптасқан осы стереотипке келіспейтіндігін айтты.
Мұндай таптауырынның шығуына ҰБТ-ның орташа нәтижесі себеп болды. Алайда, 2019 жылдан бастап бұл тестілеу бағалау критерийлерінен алынып тасталды.
Әкім орынбасарының сөзінші, 2022 жылдың қорытындысымен Атырау облысы жаратылыстану бағытындағы олимпиадада жүлде алған оқушылар саны бойынша елімізде үшінші орында, ал гуманитарлық бағыт бойынша екінші орында тұр.
Сонымен бірге, ол аймақтағы 1з мыңға жуық ұстаздың 7 мыңында педагогикалық санат бар екендігін атап өтті. Бұл бойынша Атырау елімізде бесінші орынға тұрақтаған.
Одан бөлек, мектептерді жабдықтау бойынша республикада бесінші тұрмыз деді Ж.Бисембиев.