CaspianLife, 1 шілде — Алдағы аптада ауа температурасы көтеріліп, күндіз сынап бағанасы 37 градусқа дейін жетуі мүмкін деген болжам бар, — деп хабарлайды caspianlife.kz. Синоптиктердің айтуынша, 2 шілдеде облыстың оңтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, қатты жаңбыр және бұршақ жаууы ықтимал. Әуелі оңтүстік-батыстан соққан жел кейін бағытын солтүстік-шығысқа қарай ауыстырады, екпіні секундына 9-14, кей жерлерде 15-20 метрге дейін жетеді. Дәл осындай күн райы 3-інші шілде күні өңірдің шығысында да болуы ықтимал. Жалпы облыс көлеміндегі ауа температурасы түнде 15-20 градус аралығында болса, күндіз сынап бағаны 25 градустан 37 градусқа дейін көтерілмек.