CaspianLife, 29 маусым —Құрбан айт мерекесіне орай қаладағы ерлер түрмесінде сотталғандар арасында спорттық сайыс өтті,- деп хабарлайды caspianlife.kz. 60 шақты азамат 6 топқа бөлініп, спорттың гір көтеру, қол күресі, арқан тарту және қазақша күрес секілді түрінен өзара мықтыны анықтады. Атырау облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекеме қызметкерлерінің сөзінше тәрбиелік мәні бар мұндай іс-шара ай сайын өткізіледі. Сайыс соңында жүлделі орын алғандарға алғыс хат пен сыйлықтар табысталды. Қауіпсіздігі орташа деңгейдегі ерлер түрмесінде қазіргі уақытта 400-ден астам азамат жазасын өтеп жүр.