CaspianLife, 26 мамыр –Атырау қаласының №2 соты «Атырау мұнай өңдеу зауытының» бұрынғы бас директоры Шухрат Данбайды ақтады хабарлайды сaspianlife.kz.
Шухрат Данбай 2022 жылдың ақпан айында қамауға алынып, оған «қызметтік өкілеттігін пайда табу үшін теріс пайдаланды, сондай-ақ «Мұнайды терең өңдеу кешенін» салу кезінде зауыттың талабын бұзып, мердігерден ақауы бар құрылғыны ауыстыруды талап етпеді» деген айып тағылды. Келтірілген зиян көлемі 3 миллиард теңгеге бағаланған болатын. Сот процесі кезінде айыптаушы тарап Шухрат Данбайды 4 жарым жылға соттауды сұраған еді. Еске салайық, Шухрат Данбай бұған дейін де істі болып, бас бостандығы үш жарым жылға шектелген. Павлодарлық тергеушілер «Данбай Павлодар мұнай-химия зауытының басшысы қызметін атқарған кезде зауытқа тиесілі, құны 44 миллион теңге болатын жерді өзінің кеңесшісіне небары 6 миллион теңгеге сатып жіберді» деген айып тақты.