CaspianLife, 12 мамыр — Жылыойлық прокурорлар оқушылардың мектептегі үзілісі негізсіз қысқартылғанын анықтаған, деп хабарлайды Caspian Life.
Аудан прокуратурасы жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары үшін сабақтар арасындағы үзілістердің ұзақтығын реттейтін заңнаманың сақталуына талдау жүргізген. Оның барысында аудан мектептерінде үзілістердің ұзақтығы негізсіз қысқарғаны анықталды, бұл оқушылардың сабақтар арасында демалу құқығын шектеді.
«Прокурорлық ден қою шараларымен аудандық Білім бөлімі 863 сынып үшін сабақ кестесін түзетіп, ауданның 20 жалпы білім беретін мектебінде 18 481 оқушының құқығын қалпына келтірді», — делінген прокуратураның мәлімдесінде.