CaspianLife, 25 сәуір – Жаңаөзен қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды көмумен және қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорын мемлекет меншігіне қайтарылды деп хабарлайды сaspianlife.kz.
Мекеме «Тазалық-С» ЖШС-на 7 жылға сенімгерлік басқаруға берілген еді. Бірақ прокурорлар серіктестіктің өз міндетін орындамағанын анықтапты. Атап айтқанда, арнайы техника паркі жаңартылмаған және полимерлі құбырлар өндірісі қалпына келтірілмепті. Нәтижесінде құны 1 млрд теңгеден асатын кешен мемлекет балансына алынды. Қазір комбинаттың бұрынғы иесі кәсіпорынның басты бәсекелесіне айналған. Қоқыс шығарумен әлі айналысып жүр. Айтпақшы прокурорлар комбинатты жаңаөзендіктердің шағымынан соң тексеруге кірісті. Өйткені тұрғындар қаланың жөнді тазаланбай, қоқысқа батып жатқанына реніш білдірген еді.