CaspianLife, 24 сәуір – Мамандар Атырау облысында мұнайға ұқсас сұйықтық төгілген жерден сынама алуға кірісті деп хабарлайды сaspianlife.kz inform.kz сайтына сілтеме жасап.
Бүгін әлеуметтік желілерде Махамбет ауданында мұнайға ұқсас сұйықтық төгілген жер табылған. Видео авторының айтуынша, Махамбет ауданындағы Сары, Өскенбай деген жердің маңында мұнай өздігінен шығып жатыр. Бұл төрт түлікке қауіп төндіруі мүмкін. Атырау облысының бас экологына, экология жанашырларына құлаққағыс еткен видео авторы шара қабылдауды сұраған еді.
Облыс Әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің ҚазАқпарат тілшісіне берген ақпаратына сүйенсек, төгілген сұйықтық жайында облыстық табиғи ресурстар басқармасы мен экология департаментіне хабар берілген.Бір топ маман шопан көрсеткен жерге аттанған көрінеді. Олар далаға не төгілгенін анықтау үшін сынама алады. Сараптаманың қорытындысы алдағы уақытта жарияланбақ.