CaspianLife, 5 сәуір — Экология министрлігі «АМӨЗ» және KPI зауыттарындағы жағдайға байланысты «ҚазМұнайГазға» хат жолдамақ, — деп хабарлайды caspianlife.kz
Қою түтіннің астында қалған Атырауға экология министрлігі ақыры назарын аударған сыңайлы. «Ақ Жайық» резерваты аумағындағы қамыстың өртенуі, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС мен Kazakhstan Petrochemical Industries Inc ЖШС құбырынан шыққан қара түтін атыраулықтардың ашу-ызасын тудырған еді. Қазіргі уақытта екі кәсіпорынға қатысты тексеруді прокуратура органдарында тіркеу жұмыстары жүргізілуде
Бұл туралы министрліктің ресми сайтында жарияланды. Сонымен қатар, мұнда кәсіпорындардың, әсіресе, «Атырау мұнай өңдеу зауытының» экологиялық көрсеткіштерінің көңіл көншітпейтіндігі де айтылған.