Құрметті атыраулықтар!
Сайлауалды бағдарламамда өзімнің ойымда жүрген, бұқараның әлеуметтік жағдайын жақсартуға, ел экономикасын көтеруге ықпал ететін нақты бастамалардың жүзеге асырылуына атсалысуды өзіме мақсат етіп отырмын. Өркениетті елдер сауатты жүргізілетін әлеуметтік саясатты адами капиталға салынған инвестиция санайды. Сондықтан сайлауалды бағдарламамда негізінен әлеуметтік салаға басымдық бермекпін.
1. Әлеуметтік көмек халыққа қолжетімді, жедел және сапалы болуы тиіс. Соның бірі – баспана. Қажетті қаражаты жоқ жандардың әлеуметтік пәтерге қол жеткізе алуы үшін халыққа тиімді бағдарламалардың қабылдануына ықпал етпекпін.
2. Көпқабатты үйлердің аулаларын абаттандырып, қауіпсіз саналатын ойын және спорттық алаңдарды жасақтау.
3. Облыс орталығындағы санаулы саябақты қазіргі заманға сай жабдықтап, тұрғындар рухани демалыс ала алатындай нысанға айналдыру.
4. Үш ауысымдық мектеп мәселесін, студенттерге арналған жатақхана тапшылығын жою;
5. Зейнет жасындағы адамдардың жеңілдетілген тарифтермен саяхаттауларына жағдай жасау.
6. Экологиялық ахуалы нашарлаған Атырау қаласын айнала жасыл белдеу құру бағдарламасын қолға алу.
7. Жайық жағасының қала ішіндегі жұрт серуендейтін бөлігін көрген көз сүйінерліктей қып, қалыпқа келтіру жұмыстарымен айналысу.
Қадірменді жерлестер!
Маған сенім артылып, Атырау облыстық мәслихатының депутаты болып сайлансам, көтеріп отырған бастамаларымды жауапты деген органдардың алдына қоя отырып, олардың оң шешілуіне ықпал етуді, өзім туып-өскен Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосуды азаматтық парызым деп есептеймін.