CaspianLife, 2 наурыз — Жылыойлық полицейлер шетелдіктерді тонаған күдіктілерді ұстады, деп хабралайды CaspianLife.
21 ақпан күні Доссор — Құлсары тас жолының 8 шақырым тұсында орналасқан шайхана ішінде белгісіз адамдар тобы тапаншаға ұқсас затпен Өзбекстан Республикасының азаматтарын қорқытқан. 4 ұялы телефон мен мың рубль қаражатын ашық түрде жымқырып, оқиға орнынан бой тасалаған.
18-20 жастағы аудан тұрғындары қамауға алынды.
ҚР ҚК 191-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.