CaspianLife, 20 ақпан — Түркияның оңтүстігінде жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 41 020 адамға жетті. Бұл туралы Түркияның Төтенше жағдайларды жою басқармасы (AFAD) мәлім етті, деп хабарлайды CaspianLife.
Зілзаладан кейін 6 210 афтершок болған, деп атап өтті ведомстводан.
AFAD мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта «жер бетінде» Түркия мен шет елдерден келген іздеу-құтқару жасағының 19 436 мүшесі жұмыс істейді.
Апат аймағында барлығы 216 166 шатыр орнатылды, оларды Түркияның министрліктері мен тиісті мекемелері, сондай-ақ шет елдер мен халықаралық ұйымдар ұсынды.