CaspianLife, 17 ақпан — Аслан Ділмағанбетов — жақында ит қапқан 8 жасар баланың әкесі. Жұбайы екеуі жанын қоярға жер таппай, аурухананың жансақтау бөлімінде жатқан ұлының аяққа тұрып кетуін тілеп жүр. Ол ойын баласына шапқан бұралқы иттердің заң тұрғысынан адамнан артық қорғалғанына наразы, деп хабарлайды CaspianLife.
«Мына жерде қаңғып жүрген ит көп. Иттерді атуды сұраймын заңды өзгертіп. Баланың жағдайы осы. Курткасын көріп тұрсыздар. Баланы өзім әлі көре алмай жатырмын. Апарғанда состояниесі күй жоқ. Қаңғып жүрген итке баламызды талаттырып отырмаймыз ғой. Бала деген бір күйде тұр. Жағдайы деген реанимацияда жатыр. Екінші операцияны басқа жасады. Бастың терісі 9 см тістеп жұлып алған деді. Соған санын кожасын алып тіктірді» — деді Атырау қаласының тұрғыны Аслан Ділмағанбетов.
Сандуғаш Құрманбаева жұмыстан келе жатып, осы оқиғаның куәсі болған. Үш иттің талауына түскен көршінің баласын алғашында танымай қалдым дейді ол. Өйткені оның бетін қан жуып кетіпті.
«Қаңғыбас иттер бірдеңе талап, жеп жатырғандай болды. Сосын қасына барып жақындағанда бала екенін білдім. Сосын бағанағы иттерден арашалап, баланы қолыма алдым. Баланың үсті бәрі қан екен. Бас киімі шешіліп қалған. Талап жеп жатыр ғой. Түрі тіпті қарауға келмейді. Қаңғыбас иттер деген көп. Таңертең өзімізде жүре алмаймыз осы жерде» — деді Атырау қаласының тұрғыны Сандуғаш Құрманбаева.
Сол күні тағы бір мектеп оқушысын да ит қауып, жарақат алды. Мұны мектеп күзетшісі Мұрат Төлешев көріп, арашаға түскен.
«Мен мектептің алдына шыққанда құрттай бірінші класстың баласы үш итті былай тепкілеп тұр екен аяқ-қолымен. Сосын ар жағынан бір жігіт шапты, бер жағынан мен шаптым. Итті былай қудық, қашты. Баланың курткасынан тістеген, аяғынан тістеген. Бірінші класстың баласы. Әуелі мен ойладым ойнап жатқан өзінің иті болар деп. Жақындаған соң айқалаған дауыс шықты» — деді Атырау қаласының тұрғыны Мұрат Төлекшов.
Ал жануарлар жанашырлары болса, бұл мәселе — қабылданған заң толық жүзеге асқан соң ғана шешіледі деп отыр. «Яғни оны орындау механизмін нақтыламады. Ақыры жағдайды бақылауда ұстау мүмкін болмай қалды» дейді олар.
«Кезінде заң жазылып оған қаражат бөлінбегеннен кейін, статьялар дұрыс қаралмағанннан кейін ол күшіне енді-енді еніп жатыр. Ал оған дейін бірнеше уақыт өтіп кетті. Бұралқы иттер де көбейіп кетті. Себебі қалай аулайтынын білмеді. Себебі жарты жыл 2022 алатын босқа дым істелген жоқ. Неге? Себебі білмейді қалай істейтінін. Атуға да, аулауға да болмайды. Не істерін білмеді» — деді ерікті Мамучар Жаббасов.
2022 жылдың 2 наурызында елімізде «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң өз күшіне енді. Ол бойынша иесіз үй жануарларын өлтіру жойылып, олардың саны стерильдеу жолымен реттелуі керек еді. Бірақ, бұған қаражат бөлініп, жұмыс басталғанымен, көшеде жүрген бұралқы саны азаяр емес. Ал олардан зардап шеккен тұрғындар әлеуметтік желі арқылы әу бастан-ақ наразылық білдіріп келеді. Және кешегі оқыс жағдайдан кейін мұның күшейе түсетіні анық. Ендеше жауапты орындардың заңды жүзеге асыру механизмін тезірек нақтылағаннан басқа қылар амалы жоқ секілді.