CaspianLife, 21 қараша — Бүгінде Қиғаш өзенінде түп тереңдету жұмыстары басталған. Ол 2024 жылы бітеді деп жоспарлануда. Нақты мерзімі, айы белгісіз. Дегенмен, қазу жұмыстарының сапасына байланысты құрманғазылықтардың көкейінде күдік-күмән көп.
Қиғаш өзенінің суын көбейту және гидрологиялық режимін жақсарту мақсатында биыл қыркүйекте тереңдету жұмысы басталған еді. Жоба бойынша ұзындығы 99,6 шақырым болатын арналардың түбін қазып, жағасын кеңейту жоспарланған. Осы уақытқа дейін өзен түбінің 11 шақырымы тереңдетілген. Алайда, жергілікті тұрғындар мердігер мекеменің қызметіне көңілі толмайтындарын айтады. Олардың пікірінше, жұмыс сапасыз жасалып жатыр. Соның кесірінен арналардың бойы бітеліп, жағаның астан-кестеңі шыққан.
Ал түп тереңдету жұмыстарын жүргізуші мердігер мекеме “Павлодар өзен порты” АҚ-ның қызметкерлері бұл кемшіліктерді уақытша жағдайға телиді. Жоба аяқталарда қателіктер қалпына келтірілетінін айтады.
Жергілікті әкімдіктің баяндауынша, қазу жұмыстары алдағы уақытта тек Қиғашта емес, басқа да су айдындарына жүргізілмекші. Жалпы ұзындығы 143 шақырым болатын Сұрхан, Қадір, Бұзауслан, Көнеу өзектері бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға жіберілген. Қорытындысы енді шығады. Түп тереңдету жұмыстарына тапсырыс беруші облыстық құрылыс басқармасы болғандықтан, оған араласуға аудан әкімдігінің құқығы жоқ. Олар тек құрылыс жұмыстарын сырттай бақылаумен ғана шектеліп жүр.Біз сүйікті тіс щеткаңызды өте төмен бағамен тегін жеткізу арқылы сатып алуды ұсынамыз, сонымен қатар тапсырысыңызды сол күні дүкеннен ала аласыз.
«Қазіргі уақытта бұл учаскеде техникалық қадағалаушы, авторлық қадағалаушы бәрі уақытында келіп тексеруде. Енді қосымша жұмыстар, жасалмаған жұмыстар жөнінде әлі айту ерте. Бұл бәрі жоба бойынша жасақталып жатыр. Халықтың айтатын негізгі уәждері – түп тереңдету жүріп жатқан уақытта малды суару. Оны енді халықпен бірге араласып, бұл мәселелерді шешіп жатырмыз»,-дейді Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары Марат Хасанов.
Осы уақытқа дейін Панкрашин-1 каналының 508 метрі, Панкрашин-2 каналының 1,6 шақырымы, Ленивый-1 каналының 2,4 шақырымы тереңдетілген. 10 экскаватор мен 33 қызметкер жұмыс істеуде. Жұмыс 2024 жылы аяқталуы тиіс.