CaspianLife, 20 қараша — Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беруге қатысты.
Аймақ басшысы Атыраудағы Н.Тілендиев атындағы кіші өнер академиясының ғимаратында орналасқан №8-сайлау учаскесінде тіркелген. Ол тұрғындарды сайлау учаскелеріне келіп, таңдау жасауға шақырды.
«Құрметті жерлестер бүгін тарихи күн. Бүгінгі күн біздің болашақ ұрпағымыздың алдындағы парыз деп айтуға болады. Себебі бүгін біз қалай өз таңдауымызды жасаймыз, ертеңгі еліміздің болашағы осыған байланысты болады. Сондықтанда барша жерлестерімді өз таңдауын жасауға шақырамын»,-деді облыс әкімі Серік Шәпкенов.