CaspianLife, 15 қараша — Атырауда 32 жастағы шетелдіктің құжатсыз жүргені анықталды. Бұл туралы облыстық ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Атырау қаласының полицейлері 32 жастағы өзбекстандық келіншек пен оның 1 жастағы баласының құжаттары жоқ екенін анықтаған. Әйел Атырауға осыдан екі жыл бұрын келгенен кейін құжаттарын жоғалтып алған. Былтыр қалалық перзентханасында босанғаннан кейін, еліне қайта алмай, құжатсыз жүріпті.
Қалалық полицейлер Өзбекстан Республикасының Елшілігіне аталған азаматшаға еліне қайтару үшін берілетін куәлікті алып беру үшін көмек көрсеткен. Қазіргі уақытта, келіншек өз еліне қайтарылды.