CaspianLife, 9 қараша — Атырауда заңсыз қару сақтаған азамат ұсталды. Бұл туралы облыстық ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Полицейлер 24 жастағы тұрғынның гаражынан 2 дана қосауызды, 1 дана бірауызды аңшылық мылтықтарының кесінділері, 2 дана атыс қаруы, резеңке таяқшасы, тапаншаның бөлшектері мен электрошокерді тапқан. Табылған қару-жарақтар тәркіленіп, баллистикалық зерттеу тағайындалуда. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 287 бабының 2 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.