CaspianLife, 7 қараша — Атырауда муай-тайдан «Батыс кубогы» республикалық турнирі аяқталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
4-6 қараша аралығында «Нұрсая» спорт кешенінде өткен турнирге еліміздік 180 спортшысы қатысты. Жарыс барысында жасөспірімдер 40 салмақ дәрежесінде бақ сынады, сонымен қатар 8 кәсіби жекпе-жек өткізілді.
«Бұл турнирге жалпы өңір бойынша 10 команда, ал Атырау қаласынан 40 спортшы қатысты. Сонымен қатар кәсіби түрде жекпе-жектер өткізілді. Жеңіске жеткен спортшыларға арнайы белдіктер мен қаржылый сыйлықтар табысталды», — деді аға жаттықтырушы Нұрберен Әміржанов.
Турнир қорытындысы бойынша командалық есепте Атырау спортшылары жүзден жүйрік шықты. Қызылордалықтар 2 орынға жайғасса, оралдық спортшылар үздік үштікті түйіндеді.