CaspianLife, 7 қазан — Атырауда велошеруге байланысты жол жабылады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қалай күніне орай өтетін шара 8 қазан күні сағат 09:00-дн басталады. Соған байланысты И.Тайманұлы даңғылы бойы Лебедев қиылысынан Сатпаев көшесі қиылысына дейінгі аралықта қатысушыларының қауіпсіздігі үшін уақытша көлік қозғалысы тоқтайды.
«Қала тұрғындары мен қонақтарына жол қозғалысындағы өзгерістерді ескере отырып, аталған аумақты айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз», — делінген әкімдік таратқан хабарламада.