CaspianLife, 3 қараша — Осыдан 2 жыл бұрын құрылыс компаниясына үлескер болған 60-тан астам маңғыстаулық отбасы үйсіз қалуы мүмкін. Өйткені, олар ақша салған көпқабатты үйдің құрылыс жұмыстары 8 қабатқа келгенде тоқтап қалған.
Алғашында тұрғын үй кешенінің құжаттарымен танысып, көзіміз жеткен соң қаржы салуға келістік деген үлескерлер бұл мәселеге аймақ басшыларының араласқанын қалайды. Ал кешен директоры құрылыс жұмыстарын жүргізуге қажетті негізгі құжаттарымыз болды деп отыр. Бірақ, оны кері алып алған көрінеді.
Кешен директоры соттың шешімімен келіспейтінін айтып, аппеляциялық шағым жазбақ. Компанияның үстінен арызданған әкімдік болса, мердігердің құжаттары әуел бастан дұрыс болмады деп отыр.
Әкімдік кешен бүгін-ертең сүрілмейді дейді. Компанияға қажетті құжаттарды дайындау үшін уақыт берілмек. Содан кейін тексеріліп, жұмыстың сапалы жүріп жатқанына көз жеткеннен кейін ғана нақты шешім қабылданбақ.