CaspianLife, 1 қараша — Атыраулық екі азамат қоғамдық орында мас күйінде төбелес шығарған. Бұл туралы облыстық ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
30 қазан күні сағат таңғы 05:58 шамасында Жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері Авангард ықшам ауданында орналасқан түнгі клубтардың бірінің алдында екі ер адамның төбелесіп жатқандығын байқаған. Қызметкерлер патурльдік полицияға бағыт беріп, полицейлер екі азаматты медициналық сараптамадан өткізді.
Сараптама қорытындысы бойынша 37 және 26 жастағы тұрғынның жеңіл дәрежеде мас екені белгілі болды. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігімен (ұсақ бұзақылық) әкімшілік хаттама жасақталып, әрқайсысына 15 315 теңге көлемінде айыппұл салынды.