CaspianLife, 31 қазан — Атырауда ұлттық спорт — асық ату ойынынан ҚР кубогы өтуде. Жарыс 10 облыстан келген 170 спортшының басын қосты.
Кубокты өткізудегі мақсат ата-бабадан мирас болып қалған мұраны ұлықтау. Жарыс өңірімізде алғаш рет ұйымдастырылды.
Қатысушылардың арасында 31 жастағы Амандос Айтқұлов та бар. Өзінің бала кезіндегі ойынды қайта жандандырып, кейінгі ұрпақ арасында насихаттауға үлес қосып жүргеніне 3 жыл болыпты.
«Асық ойынын көп адам жеңіл деп ойлайды. Бұл ойында адамның 12 мүшесі бірге қимылдайды», — дейді қатысушылардың бірі Амандос Айтқұлов.
Чемпионат жеңімпаздары ертең анықталмақ.