CaspianLife, 28 қазан — Атырауда полицейлерге күдікті чемодан туралы хабарлама түсті деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.
Тәртіп сақшыларына бүгін сағат 9:50 шамасында Атырау қаласында күдік тудырған чемодан мен қапшық туралы хабарлама түскен.
«Полицейлер жедел әрекет етіп, аталған сөмкелердің ішінде киім-кешектер екенін анықтады», — делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.