CaspianLife, 27 қазан — Атыраулық полицейлер төленбеген 34 айыппұлы бар көлікті анықтады. Бұл туралы облыстық ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Жол сақшылары «Сергек» камерасы арқылы Арменияда тіркелген Nissan Teana маркалы автокөлігін тоқтатып, тексеріс барысында аталған автокөліктің 600 мың теңгеден астам төленбеген 34 айыппұлы бар екенін анықтады.
ҚР ӘҚБтК-нің 785 бабына сәйкес теиір тұлпар арнайы айып тұрағына қойылды.
Атыраулық полицейлер тұрғындардан көлік сатып алу кезінде автокөлікті тексеру қажеттілігін және құжаттардың дұрыстығын қадағалауды ескертеді.