CaspianLife, 27 қазан — Атырауда екі азамат алкомаркет алдында төбелес шығарған. Бұл туралы облыстық ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
28 және 27 жастағы екі ер адам 26 қазан күні сағат 01:05 шамасында алкомаркеттердің бірінің алдында төбелескен. Бұны бейнебақылау камерасынан көрген Жедел басқару орталығының қызметкерлері жақын маңдағы патрульдік полицейлерге бағыт берді.
Тәртіп сақшылары екі азаматтың мас екендігін анықтап, әкімшілік хаттама толтырды. Олардың біріне 15 315 теңге көлемінде айыппұл салынса, екіншісі 2 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.