CaspianLife, 20 қазан — Атырауда 4 жасар бүлдіршінді көлік қағып кетті деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.
Оқиға 20 қазан күні сағат 18:00-де болған. Hyundai Santa Fe маркалы автокөлігі Сатан Шөреев көшесінің бойында 4 жасар баланы қағып кетті. Бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Одан мидың шайқалауы, сыртқы жарақаттар байқалады.
Қазіргі уақытта осы оқиғаға байланысты тиісті іс-құжаттар жинақталуда.