CaspianLife, 19 қазан — Атырауда құжатсыз көлік тізгіндегендер 10 тәулікке қамауға алынды деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.
16 қазанда Әуезов көшесінін бойында патрульдік полицейлер ВАЗ маркалы көлігін тексеру барысында, жүргізушінің көлік басқару құқығынан айрылғанын анықтады. Автокөлік арнайы тұраққа қойылып, 35 жастағы азаматқа қатысты әкімшілік хаттама жасақталып, сотқа жолданды.
Бұдан бөлек, атыраулық полицейлер 12-19 қазан аралығында құжатсыз көлік тізгіндеген 5 жүргізушіні анықтап, 10 тәулікке қамауға алды.
Айта кетейік, тәртіп сақшылары жыл басынан бері көлік құралын басқару құқығынан айырылған күйде көлік басқарған 60-тан астам жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты.